Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы сериясы

"ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН"БАҒДАРЛАМАСЫ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТТІ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІНЕ

Жарияланды 2025-01-03
КазНПУ имени Абая
Аңдатпа

                                                 Аңдатпа

Мақала Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінде «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын іске асыру аясында жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізуді зерттеуге арналған. Зерттеуде ЖИ-дің білім беру саласында қолданудың негізгі бағыттары қарастырылады, олар жеке білім беру траекторияларын жасау, әкімшілік процестерді автоматтандыру және студенттердің академиялық үлгерімін бағалау. Қазақстан университеттерінде ЖИ енгізудің сәтті жобаларының мысалдары келтірілген, бұл оқу бағдарламаларының икемділігін арттыруға және білім сапасын жақсартуға мүмкіндік берді. Ерекше назар ЖИ-дің цифрлы экономикадағы еңбек нарығында сұранысқа ие қажетті дағдылармен мамандар даярлауға қалай көмектесетініне аударылған. Мақала соңында ЖИ-ді білім беру мекемелеріне енгізу процесін жетілдіруге арналған ұсыныстар беріледі және осы технологияларды оқу процесін цифрлық экономика талаптарына сай жаңғырту үшін одан әрі қолдану мүмкіндіктері қарастырылады.

Кілт сөздер: жасанды интеллект, жоғары білім, Қазақстан, білім беруді цифрландыру, персонализирленген оқыту, инновациялық технологиялар, болашақ білім беру, оқу процесіндегі ақпараттық технологиялар.