Бұл мақалада 10–11 сынып оқушыларының ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік дағдыларын когнитивтік тәсіл арқылы дамыту мәселесі қарастырылады. Қазіргі білім беру жүйесінде тілді тек грамматикалық құрылымдар жиынтығы ретінде меңгерту жеткіліксіз екені анық байқалады. Оқушының шынайы қарым қатынасқа түсуі үшін оның тілдік білімін ойлау әрекетімен ұштастыру қажет. Когнитивтік тәсіл осы мақсатта ерекше маңызға ие, себебі ол зейін, есте сақтау, салыстыру, талдау және ішкі жоспарлау сияқты психикалық механизмдерді белсендіреді. Мақалада жоғары сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескеріле отырып, олардың сөйлеу әрекетін белсенді ететін тапсырмалар сипатталады. Сонымен қатар когнитивтік ұйымдастырылған тапсырмалар арқылы оқушылардың өз ойын логикалық жеткізуі, пікір білдіруі және диалогке еркін қатысуы күшейетіні көрсетіледі. Практикалық бақылау нәтижесінде сөйлеу сапасының артуы, тілдік сенімділіктің қалыптасуы және коммуникативтік белсенділіктің тұрақты өсуі анықталды.
10–11 сыныптардағы ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік дағдыларды дамыту құралы ретінде когнитивтік тәсіл
114
88
Аңдатпа
Тіл
Ағылшын
Кілт сөздер
когнитивтік тәсіл
коммуникативтік дағды
ағылшын тілі
жоғары сынып
сөйлеу әрекеті
тілдік ойлау
рефлексия
оқу стратегиясы
қарым қатынас
танымдық белсенділік
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
