Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы сериясы

Ағылшын тілін оқытуда кейс-стади әдісінің тиімділігі

Абай атындағы ҚазҰПУ
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Амангельдинова А.

Шетел тілдері кафердасы, эдвайзер-оқытушы

Аңдатпа

Мақалада ағылшын тілін оқыту барасындағы кейс-стади әдісінің тиімділігі зерттеледі. Зерттеу нысаны ретінде «Ағылшын тілі мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы аясында білім алып жатқан бірінші курс бакалавриат студенттері алынады. Коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру және шет тілін практикалық тұрғыда қолдану дағдыларын дамыту қажеттілігі жағдайында кейс-стади әдісі нақты немесе өмірге жақын жағдайларды талдауға негізделген өзекті әрі тиімді оқыту тәсілі болып табылады. Зерттеу барысында кейс-стади әдісін қолдана отырып, оқу сабақтары ұйымдастырылды. Сабақтар жағдайды түсінуге, мәселені анықтауға, функционалдық тілдік бірліктерді қолдануға, жазбаша және ауызша қарым-қатынасқа, сондай-ақ топтық талқылау мен шешім қабылдауға бағытталған тапсырмаларды қамтыды. Деректерді жинау үшін сапалық зерттеу әдістер қолданылды. Бірнеше кейс-стади сабағынан кейін студенттерден сауалнама алынды. Зерттеу нәтижелері кейс-стади әдісін қолдану студенттердің оқу мотивациясын арттырып, олардың сабаққа белсенді қатысуына және ауызша сөйлеу барысында ағылшын тілін қолдануға деген сенімділігінің өсуіне ықпал ететінін көрсетті. Студенттер сөйлеу дағдыларының дамуын, сөздік қорының артқандарын және сыни ойлауларының қалыптасуын атап өтті. Сонымен қатар лексикалық бірліктерді таңдауда және топтық жұмыста студенттердің тең дәрежеде қатыса алмауына байланысты кейбір қиындықтар анықталды. Алынған нәтижелер тиісті әдістемелік қолдау көрсетілген жағдайда кейс-стади әдісін ағылшын тілін оқытуда қолданудың тиімділігін растады.

pdf (Russian)