Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы сериясы

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МҰҒАЛІМДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ

КазНПУ
Аңдатпа

Соңғы жылдары тіл үйренгісі келетін адамдардың саны өсіп келеді. Ағылшын тіл ана тілі емес адамдар үйренетін ең танымал тілдердің бірі. Тілді үйренудің негізгі себебі– сол тілде қарым-қатынас жасай алу, өзін еркін жеткізе білу және сұхбаттастарды түсіну. Осылайша, шынайы өмір жағдайларында тілді қолдануды үйретуге негізделген коммуникативтік тілдік оқыту (CLT) тұғырдамасы тіл оқыту саласында пайда болды. Қазіргі жағдайды зерттеу қажет, себебі ол ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті дамыту жөнінде тіл мұғалімдерінің көзқарасын анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан бұл ғылыми жұмыс қазақстандық мұғалімдердің ағылшын тілі сабақтарында коммуникативтік құзыреттілікті қалай қалыптастыратынын зерттеуді, сондай-ақ оны дамыту барысында кездесетін артықшылықтар мен қиындықтарды айқындауды және коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыру үдерісінде жиі қолданылатын тәсілдерге назар аударуды мақсат етеді. Бұл зерттеуде сапалық зерттеу дизайны таңдалды, ал дерек жинау құралы ретінде жартылай құрылымданған сұхбат қолданылды. Оған жеті қазақстандық ағылшын тілі мұғалімі қатысты. Зерттеу нәтижелері коммуникативтік құзыреттілікті ең тиімді дамыту интерактивті практикалар арқылы жүзеге асатынын, сондай-ақ тілдік және мәдени айырмашылықтардың коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын көрсетті.

pdf (Russian)