Цифрлық технологиялардың қарқынды дамуы шет тілін оқыту үдерісін өзгертіп, коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған тиімді тәсілдерге деген сұранысты арттыруда. Жасанды интеллект бұл салада практикалық құрал ретінде ерекше назар аударуда, бұл қазақстандық, ресейлік және шетелдік ғалымдардың зерттеулерімен дәлелденеді. Қазіргі тәсілдерге чат-боттар, виртуалды ассистенттер, тілдік модельдер, бейімделетін платформалар, сондай-ақ шынайы қарым-қатынас жағдайларын модельдейтін VR/AR орталар жатады.
Бұл жұмыстың мақсаты – қолданыстағы тәжірибелерді жүйелеу, аталған технологиялардың артықшылықтары мен шектеулерін анықтау және оларды білім беру үдерісіне тиімді енгізу жолдарын қарастыру. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай құралдар оқытуды жекелендіруге және білім алушылардың белсенділігін арттыруға ықпал етеді, алайда олардың тиімділігі педагогикалық тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылуына байланысты.
Алынған нәтижелер цифрлық технологияларды қолдана отырып, шет тілін оқыту саласындағы кейінгі зерттеулерге әдістемелік негіз бола алады.
Түйінді сөздер: жасанды интеллект, коммуникативтік дағдылар, инновациялық тәсілдер, чат-боттар, VR/AR, бейімделетін платформалар, цифрлық теңсіздік.0
