Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Полиязычное образование и иностранная филология

ӨЛЕҢ АУДАРМАСЫНЫҢ ТАРИХЫ: МӘДЕНИ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ПОЭТИКАЛЫҚ ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ДӘСТҮРІ

Казахский национальный университет имени аль-Фараби
Аннотация

Бұл мақалада өлең аудармасының тарихи дамуы көне өркениеттерден бастап антикалық және шығыс мәдениеттеріне дейінгі кезеңдер аясында қарастырылады. Зерттеуде ежелгі Мысыр, Месопотамия, Грек-Рим әлемі, сондай-ақ араб және қытай аударма дәстүрлеріндегі поэтикалық мәтіндерді бейімдеу тәжірибесі талданады. Поэзия аудармасының басты ерекшелігі ретінде форма мен мазмұнның бірлігі, мағына мен көркемдік құрылымның ажырамас сипаты айқындалады. Мақалада сөзбе-сөз және еркін аударма қағидаларының қалыптасуы, аудармашының шығармашылық рөлі және поэтикалық мәтінді аударудағы мәдени-рухани факторлар сараланады. Тарихи мысалдар негізінде өлең аудармасының тек тілдік әрекет емес, мәдениетаралық рухани көпір екендігі тұжырымдалады.

pdf