Перейти к основному контенту Перейти к главному меню навигации Перейти к нижнему колонтитулу сайта
Вестник КазНПУ имени Абая. Серия: Полиязычное образование и иностранная филология

АУЫЗША АУДАРМА ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕЙБІР МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Ираш Баймуратова

Баймуратова Ираш Амановна. Лауазымы: ассистент, аға оқытушы. Факультет: Филология.

Казну именни Аль-Фараби
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Баян Исабаева

Мен, Исабаева Баян, 1983 жылы АПИИЯ бітірдім. 2011 жылы Халықаралық ақпараттандыру академиясының корреспондент-мүшесі болып сайландым. 2013 жылы Шет тілдері және іскерлік карьера университетінің магистратурасын «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығы бойынша бітірдім. «Электрондық оқулықтарды қолдану арқылы студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру әдістемесі» тақырыбында магистрлік диссертация қорғадым. Менің жоғары оқу орнында жұмыс істеген үлкен еңбек тәжірибем бар. Мен физика-техникалық факультетінде аға оқытушы болып жұмыс істеймін. Менің ғылыми мақалаларым Scopus және Thomson Reuters дерекқорларында, университет Хабаршысында жарық көрді. Ғылыми конференциялар жинағында мақалалар жарияладым, 3 «Ағылшын тілі» электронды оқулығының, ағылшын тілінде 7 әдістемелік әзірлеменің бірлескен авторымын. Физика-техникалық факультетінің және химия және химиялық технология факультетінің студенттеріне арналған, сонымен қатар көптеген имидждік мақалалардың бірлескен авторымын. Мен өзімнің кәсіби біліктілігімді үнемі арттырып отырамын және бірнеше сертификаттарым бар. Халықаралық және ұлттық ұйымдар ұйымдастыратын семинарлар мен оқу тренингтеріне қатысамын. Физика-техникалық факультетінің студенттерімен ТДМ бойынша іс-шаралар өткіземін. Кафедра, факультет, университет деңгейінде өткізілетін барлық іс-шараларға белсенді қатысамын, сонымен қатар ҚазҰУ-дың ғылыми-әдістемелік конференцияларына және алыс-жақын шетелдерде өтетін конференцияларға қатысып отырамын.

Аннотация

Аңдатпа

Бүкіл әлем елдері мен халықтары арасындағы ақпарат алмасу мен мәдениетаралық қарым-қатынас қазіргі жаhандану процесі аса жедел жүріп жатқан кезеңде аударма қазіргі қоғам үшін өте маңызды. Аударманың мақсаты - бұл тек басқа тілдегі сөздерді таңдау ғана емес, сонымен қатар мағынаны, соның ішінде астарлы мәтінді жеткізу де болып табылады. Жоғарыда атап өткендей, қазіргі әлемде халықтар арасындағы байланыстың қай түрі болмасын, оның ұйытқысы түрлі аударма жұмысы екені сөзсіз және ол дерлік барлық елдер үшін өте маңызды. Аударма түрлерінің ішіндегі ауызша аударманың бір ерекшелігі оның жазбаша аудармаға қарағанда дәйекті болуында, яғни қабылдау, талдау, синтез жасау қатар жүретін әрекеттер. Мұндай дағдыларды меңгеру тәжірибе арқылы келеді. Ауызша аударма арқылы берілетін ақпаратта фонетика, морфология, синтаксис, стилистика сияқты тілдің барлық аспектілері бірден қолданылып, көрініс табады. Ауызша аударма аудармашыдан жоғарыда атап өткендей, тез арада бір тілден екінші тілге талдау, синтез жасау процесіне ауысуды талап етеді. Аударманың бұл түрі келіссөздер жүргізгенде, ресми кездесулерде қолданылады. Халықаралық келіссөздердің табысты болуы көбінесе аударма сапасына байланысты. Сондықтан, аударманың мәнін түсіну, сондай-ақ аудармашы аударма процесінде кездестіруі мүмкін ықтимал қиындықтарды білу болашақта кәсіби қателіктерден аулақ болуға көмектеседі. Басқа тілде дереу икемді және тиісті түрде жеткізілуі тиіс идеяны түрлендіру қабілетін қажет етеді.

Кілт сөздер: ақпарат алмасу, идея, аудармашы, аударма процесі, ауызша аударма, кәсіби қателіктер, қиындықтар, дағдыларды меңгеру, талдау жасау, аударма сапасы, тәжірибе, ресми кездесулер, келіссөздер.

 

pdf