Негізгі мазмұнға өту Негізгі шарлау мәзіріне өту Сайттың төменгі деректемесіне өтіңіз
Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы. Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы сериясы

АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕ ОҚУ ДАҒДЫЛАРЫН МЕҢГЕРУДЕГІ ҚИЫНДЫҚТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Сулейман Демирель атындағы университет
##plugins.generic.jatsParser.article.authorBio##
×

Д. З. Мурзаканова

6М019 ШТ: 2ШТ мамандығының 2 курс магистранты

Алматы қ., Қазақстан

Аңдатпа

Көптеген ағылшын тілін үйренушілер үшін оқу дағдысын дамыту күрделі болып келеді. Бұл күрделілікүйренушінің көбінесе шектеулі сөздік қорымен, тіл туралы ақпараттың жеткіліксіздігімен, кейбір грамматикалық тақырыптардың меңгерілмегендігімен және оқу процесіне байланысты уайымымен байланысты болады. Мұғалімдер ретінде біз оқушыларға ағылшын тілінде еркін оқуға көмектесуге ұмтылу процессінде, олардың жиі кездесетін көбінесе шетел тіл үйренушілерге ортақ кедергілерге тап болатынын байқаймыз. Осы мақалада аталған шетел тілін үйренушілердің ағылшын тілінде оқу дағдыларын меңгерудегі қиындықтары егжей-тегжейлі қарастырылады. Бұл мәселелерді шешу үшін жүйелі және мақсатты тәсілдер қажет. Атап айтқанда, оқушылардың тілі мен деңгейіне сәйкес оқу мәтіндерін іріктеу, сабақ барысында белсенді оқу стратегияларын енгізу және оқу дағдысын тұрақты түрде дамыту ұсынылады. Оқу барысында қолайлы стратегияларды жүйелі түрде қолдану мұғалімдерге оқушылардың оқу қабілеттерін тереңірек дамытуға мүмкіндік береді.

pdf (Russian)