«Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» сериясы 2010 жылдан бері өз жұмысын жасап келе жатыр. Аяпова Таңат Тәңірбердіқызы - Абай атындағы ҚазҰПУнің «Көптілді білім беру және шетел тілдері филологиясы» Хабаршы журналының бас редакторы. Бұл Хабаршы Республикадағы бірінші жұрнал. Филология ғылымдарының докторы, профессор Таңат Тәңірбердіқызы - 3 монография, 200-ден аса ғылыми еңбек авторы. Журналда қазақ және шетел ғалымдарының ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері - қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерде жариялануда. Сонымен қатар журналда көптілді білім берудің және шетел филологиясының өзекті мәселелері көрсетілген. Журналдың дәстүрлі баспа түріндегі және электронды нұсқалары қарым-қатынастың заманауи және қол жетімді әдісін пайдалануға, шығармашылық байланыстарды кеңейтуге мүмкіндік береді.